FAQ
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
Олимпиада жайлы:
Олимпиадаға кім қатыса алады?
GeOnline курсын толықтай оқып аяқтаған, олимпиада басталуы кезінде өз ағымының чатында отырған 1-84 ағым мен ЖБ40/40+/50 поток оқушылары қатыса алады
Олимпиада сұрақтарының деңгейі қандай?
Олимпиада сұрақтары мектеп бағдарламасы мен жалпы географиялық білімді тексеруге бағытталған
Олимпиада неше турдан тұрады?
Олимпиада 3 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең 50 ұпайлық тесттің нәтижесі бойынша анықталған 500 қатысушыны іріктейді. 2-ші кезең эссе(100 ұпай) және видеоконкурс(100 ұпай) ұпайларының қосындысымен іріктелген 200 финалистті іріктейді. 3-ші кезеңде серіктес ЖОО-лардың қабылдау комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталады. Әр кезеңнен өткен жеңімпаздар арнайы чаттарға қосылып, курстың әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады
Жеңімпаздарды анықтау жайлы:
Олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсыруға міндетті ме?
Иә, олимпиадаға қатысушылар міндетті түрде ҰБТ тапсыруы тиіс. Ол кез келген ЖОО түсуіне арналған міндетті шарт.
Жеңімпаздар қалай анықталады?
1-ші кезең 50 ұпайлық тесттің нәтижесі бойынша анықталған 500 қатысушыны іріктейді. 2-ші кезең эссе(100 ұпай) және видеоконкурс(100 ұпай) ұпайларының қосындысымен іріктелген 200 финалистті іріктейді. 3-ші кезеңде серіктес ЖОО-лардың қабылдау комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталады. Әр кезеңнен өткен жеңімпаздар арнайы чаттарға қосылып, курстың әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады
Жеңімпаз ұтып алған гранттан бас тарта алады ма?
Иә, бас тарта алады. Жеңімпаз ұтып алған грантты өз еркімен қолданады. Мемлекеттік грант иегері атанса таңдауды соның үлесіне жасай алады.